- Advertisement -
    • Главная
    • Новости
    • Вести
    • Тема
    • О серьёзном
    • О главном
    • О переменах
    • Лайф
    • О нас
     

    4 миллион: елімізде суррогат ана саудасы қызып тұр

    О главном 17.08.2023 16:12


    Shares
    • Share On Facebook
    • Tweet It

    Ғаламторды ашсаң, «біреуге бала тууға әзірмін» деген хабарламадан көз сүрінеді. Жарнамасы жер жаратындардың дені 18-27 жас аралығындағы қыз-келіншектер.

    Жатырын жалға беретіндердің «ставкасын» білу үшін «Астана» телеарнасының тілшілері бірнешеуіне қоңырау шалған, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.

    «Гонорарым 3 миллион. Негізі, басында көтерген кезде 1,5 миллион теңге береді. Босанғаннан кейін қалған 1,5 миллионын аламын. Арамызда келісімшарт болады. Сондай-ақ ай сайын 100 мың теңге жіберіп отыруы тиіс», – деді ару.

    Бұл қызметке сұраныстың жоғарылығы сонша, қазір әр қалада заңды түрде суррогат ана орталығы жұмыс істейді. Ондағылардың айтуынша, елімізде бөтен әйелдің көмегімен бала сүйгісі келетіндердің саны артуда. Жылына, шамамен, 100-200 отбасы құрсақ ана көмегімен балалы болады екен.

    «Суррогат ана болғысы келетін қыздар көп. Біз 25-34 жас шамасындағыларды ғана аламыз. Жас қыздарды алмаймыз. Себебі олар психология тұрғысынан дайын емес. Басында ол қыздар жарнаманы көргеннен кейін, ақшадан қиналған соң келеді. Бірақ толыққанды мән-жайды түсінбейді», – деді орталық директоры Дамира Бекбергенова.

    Жатырды «жалға» алу мен берудің тәртібі «Неке және отбасы туралы» Кодексінің тоғызыншы тарауында жазылған. Онда суррогат ананың жасы мен денсаулығы көрсетілген. Сондай-ақ «жалдамалы» ана мен тапсырыс беруші азаматтың арасындағы келісім шарттар осы заңнамаға сәйкес жасалады дейді заңгер.

    «Суррогат ананың жасы 20-дан 35-ке дейін болу керек. Екінші талап бұл – арнайы медициналық ұйымның қорытындысы. Ол жерде денсаулығы, психикалық және репродуктивті денсаулығы сай екенінің қорытындысы керек. Үшіншісі ол – суррогат ананың бір туған сау баласы болуы қажет», – деді заңгер Олжас Лекеров.

    Қойылатын талаптың қатаңдығына қарамастан, елімізде «құрсақ ана» болуға құштар әйел көп. Елімізде бұл қызмет алғаш пайда болған жылдары тапсырыс берушілер сәби үні үшін 1 немесе 2 бөлмелі пәтерге дейін ақы берген. Қазір өзгенің перзентін көтеріп беруге дайын адам көбейген соң, нарықта олардың құны арзандапты.

    «Бұл енді біздің мұсылмандығымызға, салт-дәстүрімізге келмейтін зат. Ақша табамын деп өзінен шыққан баланы сату – тәрбиесіздік. Тұқым болмай жатқан жағдайда, жетімдерді асырап алуға болады. Жетімдер үйінде тастанды балалар бар», – деді Аналар кеңесінің мүшесі Кәмилә Омарбекова.

    Расымен жатырды жалға беру шариғатқа қайшы. Дін өкілдері суррогат жолмен дүниеге келген бала некесіз туған боп саналады дейді.

    «Жалға берілетіндей адамның құрсағы, бұл рұқсат берілген зат емес. Біреу өзінің үйін, өзінің көлігін, өзінің ыдысын жалға беруге болады», – деді ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай Құрбанұлы.

    Көп мемлекетте құрсақ ана қызметіне қатаң тыйым салынған. Мәселен, Австрия, Германия, Франция, Норвегия, Швеция және АҚШ-тың кей штаттарында мұндай «жалған ата-аналыққа» жол жоқ. Сондықтан сәбилі болуға қауқарсыз шетелдіктер біздің елге ағылады. Әсіресе Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан және іргелес Ресейдің азаматтары көп келеді.




    • Tags:
    • суррогат
    • сауда

    Похожие материалы
    Почему в Казахстане исчезают «правильные» пчелы?
    28.03.2024 03:12
    • Новости

      • 1
        Когда доллар решает: сколько зарабатывают в Казахстане и ЕАЭС. Инфографика
        Когда доллар решает: сколько зарабатывают в Казахстане и ЕАЭС. Инфографика
      • 2
        ЕАЭС: транспортная политика и международные автоперевозки
        ЕАЭС: транспортная политика и международные автоперевозки
      • 3
        На берег выбросило гигантскую рыбу, считающуюся предвестником катастроф
        На берег выбросило гигантскую рыбу, считающуюся предвестником катастроф
      • 4
        Маркетинговый ход. Актюбинцы высказались о водоматах возле дома
        Маркетинговый ход. Актюбинцы высказались о водоматах возле дома
      • 5
        В Казахстане развивается система признания профессиональных квалификаций
        В Казахстане развивается система признания профессиональных квалификаций
      • 6
        Мама убитой Яны Легкодимовой рассказала, как обнимала пакет с останками дочери
        Мама убитой Яны Легкодимовой рассказала, как обнимала пакет с останками дочери
      • 7
        Ночной рыцарь
        Ночной рыцарь
      • 8
        Қазақстан Үкіметі 1681 ірі жобаны жүзеге асыруды бастады — Олжас Бектенов нәтижелер мен жоспарлар туралы айтты
        Қазақстан Үкіметі 1681 ірі жобаны жүзеге асыруды бастады — Олжас Бектенов нәтижелер мен жоспарлар туралы айтты
      • 9
        Ильхам Алиев прилетел в Астану с государственным визитом
        Ильхам Алиев прилетел в Астану с государственным визитом
      • 10
        В Казахстане вдвое увеличено количество грантов по программе «Библиотечное дело, обработка информации и архивное дело»
        В Казахстане вдвое увеличено количество грантов по программе «Библиотечное дело, обработка информации и архивное дело»
      • 11
        Евросоюз вводит запрет на транзит российского газа с 2026 года
        Евросоюз вводит запрет на транзит российского газа с 2026 года
      • 12
        Aurus, Қазақстан темір жолы, АТБ банк и миллиарды: как правильно использовать лизинговые схемы.
        Aurus, Қазақстан темір жолы, АТБ банк и миллиарды: как правильно использовать лизинговые схемы.
      • 13
        Медбрата судят за убийство врача. Он дал показания
        Медбрата судят за убийство врача. Он дал показания
      • 14
        Токаев предложил перезагрузку СНГ: эксперт из Кыргызстана оценил инициативы Казахстана
        Токаев предложил перезагрузку СНГ: эксперт из Кыргызстана оценил инициативы Казахстана
      • 15
        Блогершу из Алматы, после скандального видео, вызвали в полицию
        Блогершу из Алматы, после скандального видео, вызвали в полицию
    • Теги

      • сообщение
      • РЖД
      • среднемесячная зарплата
      • оклады
      • beecredit
      • высокооплачиваемые профессии
      • лишение лицензии
      • строительная компания
      • ложный вызов
      • Марлан Нысанбаев
      • Живопись
      • активное долголетие
      • Национальная лига
      • Барсы Атырау
      • аскетбол
      • WTA-500
      • Асхат Жумагали
      • заместитель
      • продбезопасность
      • отравления
      • Прочее Шахтеры
      • Гарсиа
      • Головкин
      • санчес
      • убийство девочки
      • шолпнакулов
      • сдерживание
      • Абай Айсагалиев
      • Орден Айбын
      • отлов животных
      • Александра Саратовцева
      • длинные выходные
      • Собственность
      • Петропавловские тепловые сети
      • медосмотры
      • привлечение инвесторов
      • поручения премьера
      • EXPO Awards
      • Раскрытие темы выставки
      • Theme Development
      • EXPO 2025 Osaka
      • кипяток
      • матч с Азербайджаном
      • первоклассница
      • прием граждан
      • дни культуры
      • обвал
      • движение большегрузов
      • граница Кыргызстана
      • электронная очередь



    UlyQazaqNews

    UlyQazaqNews - это ваш проводник в мире срочных новостей и эксклюзивных материалов. Мы уделяем особое внимание актуальным темам, которые затрагивают Казахстан и весь мир. Наша команда журналистов тщательно отбирает информацию, чтобы предоставить вам только самые интересные и значимые материалы. Мы гордимся тем, что наш сайт является платформой, где вы найдете не только обычные новости, но и эксклюзивные инсайды и сливы. Мы стремимся к тому, чтобы быть первыми, кто передаст вам информацию, которую нигде больше не найдете. Узнайте то, что скрыто от остальных, и будьте в курсе последних событий.

    • UlyQazaqNews – – срочные новости и главные события дня в Казахстане и мире: эксклюзивные материалы, ... Все это и многое другое на нашем сайте.

    • Здоровье

      • 1
        Минфин меняет правила налоговых проверок бизнеса
        Минфин меняет правила налоговых проверок бизнеса
      • 2
        Крупнейший аккумуляторный завод в Казахстане запустил новое производство
        Крупнейший аккумуляторный завод в Казахстане запустил новое производство
      • 3
        Определены финалисты Международной премии «Волонтёр года»
        Определены финалисты Международной премии «Волонтёр года»
    • Образование

      • 1
        Казахстан должен остаться государством с сильной президентской властью - Президент
        Казахстан должен остаться государством с сильной президентской властью - Президент
      • 2
        Президент назвал концепцию “Закон и Порядок” важнейшим инструментом построения светлого будущего Казахстана
        Президент назвал концепцию “Закон и Порядок” важнейшим инструментом построения светлого будущего Казахстана
      • 3
        Карагуссова обратилась к тем, кто шутил над ее полетом
        Карагуссова обратилась к тем, кто шутил над ее полетом

    Copyright © 2025 . http://uly-qazaq-news.com. Редакция - Email: [email protected]
    Press enter/return to begin your search