Қазақстандық фристайлшылар Азия ойындарында тарихи алтынды жеңіп алды
![](/media/k2/items/cache/a859de05126ceda2a934be4dacb45caa_L.jpg)
Қазақстандық фристайл тарихында тұңғыш рет Азия ойындарында біздің құрама алтынға қол жеткізді.
Қазақстандық спортшылар Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов 2025 жылғы Азия ойындарындағы алтын үшін күресте керемет шеберлік көрсетіп, барлық бәсекелестерін басып озды.
Олар өз өнерін 97,92 ұпаймен аяқтап, күміс және қола жүлдегер атанған Қытайдан келген екі жұпты басып озды.
Осылайша, қазақстандық фристайл тарихында тұңғыш рет Азия ойындарында біздің құрама алтынға қол жеткізді.
2025 жылғы Азия ойындарында Қазақстанға екінші алтынды Хаширбаев пен Иванов әкелді. Дәл осы сәтте біздің спортшылар екі бас жүлдеден бөлек, бес күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.
Тағы бір айта кетерлігі, бұл 11 ақпаннан бері Харбин қаласында өткен екінші медаль. Сәл бұрын Аяна Жолдас пен Ардана Маханова жеңіс тұғырына көтерілді.
Сурет: Туризм және спорт министрлігі