"Қою керек шегуді анашаны": Қамаудан шыққан Төреғали Төреәлі даулы оқиғаны әнге қосты
Әнші Төреғали Төреәлінің әлдебір тойда айтқан арнауы көпшіліктің талқысына түсті. |
Ұлы дала баласы видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Аман есен кеп тұрмын алдарыңа,
Жер басып жүргенменен мәңгі емеспін.
Абайды да сабаған қайран жұртым,
Мен Абайдың жанында әулие емеспін.
Ер жігіттің жарамас жылағаны,
Ештеңе етпес, сүрініп құлағаны.
Орнында бар оңалар, бәрін қойшы
Праваны айтсайшы пыраваны", — дейді әнші.
Төреғали Төреәлінің бұл әніне желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері түрлі пікір білдіруде.
"Ондай анда-санда боп тұрад, Төрешті бәрбір кешіргің кеп тұрад", "Жындыны жынды десең бөркі қазандай болады", "Төбеттей боп қойып жүрсің тамашаны, Шығады Төрештің жаңаша әні, Праваны қоя тұр алдыменен, Қою керек шегуді анашаны", "Сайраған тілі болмаса мен бұл жігітке сенбеймін", — деп жазды олар.