Қызылорда облысында 1 млрд теңге жымқырған білім беру саласының қызметкерлері сотталды
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының білім беру саласының қызметкерлері сотталды. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ағымдағы жылдың 7 ақпанында Жаңақорған аудандық соты «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Б. Ибрагимовқа, бас бухгалтері К. Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтерлеріне қатысты үкім шығарды.
Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен мекеменің басшысына және бас бухгалтеріне 8 жыл бас бостандығынан айыру, мектеп бухгалтерлерінің біріне – асырауында жас баласының болуына байланысты 5 жыл мерзімге жазасын кейінге қалдыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және өзге де ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.