UlyQazaqNews – Новости Великого Казахстана.

«Тұңғыш рет»: Қазақстандық гимнаст әлем кубогінде жүлделі болды

· Тема

Спорттық гимнастикадан Египет астанасы Каирде өткен әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Зейнолла Ыдырысов қола жүлдегер атанды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Гимнастикалық ат снарядында сынға түскен ол 14.800 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. Бұл бәсекеде алтын медальді иорданиялық Ахмад Әбу Әл Соуд (15.070) иеленсе, күміс жүлдені кореялық Вунг Хур (14.930) еншіледі.

Ал құрама үздігі Нариман Курбанов бесінші орынға табан тіреді.

Айта кетелік, бұл Зейнолланың ересектер арасында жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль иеленген еді.

Теги

24KZ 2024 год Акимат Актобе Алматинская область Алматы Астана ВСУ Владимир Путин ДТП ДЦ Европа Израиль Иран Казахстан Казгидромет Караганда Касым-Жомарт Токаев Китай Москва Паводки Пожар Россия США Токаев Украина актуальные новости дети дональд трамп здоровье интересное мошенничество новости Актобе новости Казахстана новости на сегодня новости спорта общество погода полиция президент прогноз погоды регионы рецепты спорт суд убийство футбол хабар 24 шымкент экономика