UlyQazaqNews – Новости Великого Казахстана.

Қазақстанда 220 триллион теңге болатын банк операциялары тексеріліп жатыр

· Лайф

Қазақстанда 220 триллион теңгенің қаржылық операциялары тексеріліп жатыр.

Бұл туралы заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару жөніндегі комиссия отырысы барысында белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде ауқымды жұмыс аясында 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік нысаны, соның ішінде шетелде 131 нысан анықталғаны айтылды. Жалпы құны 448 миллиард теңге құнды қағаздар бойынша мәлімет алынды. Сомасы 220 триллион теңге болатын банк операциялары, оның ішінде 1,4 триллион теңге болатын күмәнді операциялар тексеріліп жатыр.

«Біздің ортақ міндетіміз – заңсыз иемденілген активтерді қайтаруды қамтамасыз ету және оларды қоғам мен мемлекет игілігі үшін пайдалану», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді. Комиссия жұмысы жалғасып жатыр.

Теги

24KZ 2024 год Акимат Актобе Алматинская область Алматы Астана ВСУ Владимир Путин ДТП ДЦ Европа Израиль Иран Казахстан Казгидромет Караганда Касым-Жомарт Токаев Китай Москва Паводки Пожар Россия США Токаев Украина актуальные новости дети дональд трамп здоровье интересное мошенничество новости Актобе новости Казахстана новости на сегодня новости спорта общество погода полиция президент прогноз погоды регионы рецепты спорт суд убийство футбол хабар 24 шымкент экономика