UlyQazaqNews – Новости Великого Казахстана.

Ерлерді қорғайтын заңның қажеті жоқ – Сенат төрағасы депутаттардың ұсынысына жауап берді

· Персонально

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп, еркектерді қорғайтын заңның қажеті жоқ екенін айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол сөзінше, елімізде әрбір азаматтың құқығы заң жүзінде қорғалған.

«Меніңше, ер азаматтарды қорғайтын заңның керегі жоқ. Жалпы азаматтарымызды, әйелдерімізді, ер азаматтарымызды қорғайтын тиісті нормалар бар. Әртүрлі қылмыстық әрекеттерге байланысты жауапкершілікті күшейтіп жатырмыз. Сол себепті сенатта қарап жатқан заңды қабылдағаннан кейін әрі қарай жағдайды қараймыз. Керек болса, тиісті шешім қабылданады», – деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.

Мәулен Әшімбаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылданғаннан, қоғамдағы үлкен қозғалыстан кейін өзгерістер болатынына күмәні жоқ екенін жеткізді.

«Жалпы бұл мәселенің барлығын президент өз бақылауында ұстап отыр, тиісті тапсырмалары бар. Заң да президентіміздің тапсырмасымен қабылданғалы жатыр. Бұл бағыттарда оң өзгерістер болатынына толықтай сенемін”, – деді ол.

Айта кетейік, мәжіліс отырысында әйелдер мен балалардың құқығын қорғау туралы заң жобасына қатысты сұрақ қою кезінде Ермұрат Бәпи әкелерге қатысты заң қабылдау бастамасын көтерген еді.

Теги

24KZ 2024 год Акимат Актобе Алматинская область Алматы Астана ВСУ Владимир Путин ДТП ДЦ Европа Израиль Иран Казахстан Казгидромет Караганда Касым-Жомарт Токаев Китай Москва Паводки Пожар Россия США Токаев Украина актуальные новости дети дональд трамп здоровье интересное мошенничество новости Актобе новости Казахстана новости на сегодня новости спорта общество погода полиция президент прогноз погоды регионы рецепты спорт суд убийство футбол хабар 24 шымкент экономика