|
Антикор Төрағасы А. Жұмағали Ел Президенті Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша құрылымдық және аумақтық департамент басшыларымен жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. |
Қазіргі уақытта қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.
«Бюджеттен бөлінген қаржы түпкі мақсатына жетуі керек. Біздің сүйемелдеуіміздегі құрылыстары ұзаққа созылған нысандардың уақытылы берілмей, сапасыз салынуы көбіне ақшаны жымқыру немесе шенеуніктерге одан әрі кері қайтару салдарымен және басқа да құқықбұзушылықтармен байланысты екенін бәріміз білеміз.
Цифрлық теңге құрал ретінде «ақшаны бояу» институтын іске асыруға септігін тигізеді. Цифрлық теңгенің алгоритмдері болғандықтан, өзінің іздері бар. Мысалы, қаражат жалақыға бөлінсе, басқа бағытқа кетпей, еңбекақы, тауарлар мен қызметтерді сатып алу және салық төлеу бойынша игеріледі.
Бөлінген қаржы қозғалысының рәсімдері ашық болып, барлық аударым өз мақсатына жетіп, әр теңге көзделген мақсатына жұмсалуы тиіс», — деді Антикор төрағасы Асхат Жұмағали.
