UlyQazaqNews – Новости Великого Казахстана.

Атырау облысында 81 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

· Тема

Атырау облысында 81 мұғалімнің жалған дипломды пайдаланғаны анықталды. Оның 51-і мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, ал 30-ы орта мектепте жұмыс істеген.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысының қоғамдық кеңесінің отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің облыстық департаменті превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов кеңес мүшелерінің назарын білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекеліне аударды.

«Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде көптеген кемшілік анықталып отыр. Мәселен, мектептерде «өлі жандар» бар. Қызметкерлер мен оқушылар саны бірдей мектептер әртүрлі қаржыландырылған. Бір қызметкер бір мезгілде 4-5 мекемеде жұмыс істеген. Кейбір білім беру мекемелерінде басшылар өздеріне лауазымдық жалақысына үстемеақы аударып отырған. Мониторинг нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 51, орта мектептерде 30 қызметкердің жалған дипломды пайдаланғаны анықталды», — деп хабарлады Жәнібек Қаражанов.

Оның айтуынша, жоғарыдағы деректерді жою үшін облыстық Білім басқармасына 26 ұсыныс жолданған.

«Қызметкерлердің контингенті бойынша деректерді автоматты түрде салыстыру үшін интеграцияны қамтамасыз ету қажет. Жергілікті атқарушы орган деңгейінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, бекіту процестерін автоматтандырған жөн. Білім беру мекемелеріне кіру, шығу уақытын форматты-логистикалық бақылауды белгілеу мүмкіндігімен қызметкерлерінің қатысуын бақылау секілді ұсыныстар бар», — деп мәлім етті Жәнібек Қаражанов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір мектепте 40 мұғалімнің жұмыс орны бос тұрғанын жазған болатынбыз.

Теги

24KZ 2024 год Акимат Актобе Алматинская область Алматы Астана ВСУ Владимир Путин ДТП ДЦ Европа Израиль Иран Казахстан Казгидромет Караганда Касым-Жомарт Токаев Китай Москва Паводки Пожар Россия США Токаев Украина актуальные новости дети дональд трамп здоровье интересное мошенничество новости Актобе новости Казахстана новости на сегодня новости спорта общество погода полиция президент прогноз погоды регионы рецепты спорт суд убийство футбол хабар 24 шымкент экономика