Сауд Арабиясына ұмра қажылығы сапарлары уақытша тоқтатылды
Бұл үлкен қажылыққа дайындық жасаумен байланысты.
Сауд Арабиясы корольдігі 2 маусымға дейін ұмра қажылығы сапарлары уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Қазіргі таңда кіші қажылығын өтеуге келген мұсылмандар елден 18 сәуірге дейін шығып кетуі тиіс.
Биыл үлкен қажылық сапары 24-29 мамыр аралығына жоспарланған.
Еске салайық, Қазақстанға 2026 жылғы қажылық маусымына 4000 қажылық орны бөлінді. 2026 жылғы қажылық сапарын ұйымдастыру бойынша туроператорлардың арасында өткізген байқаудың нәтижесі бойынша, Қазақстан қажыларын Меккеге апаратын туристік компаниялар бекітілді. Олардың тізімі төмендегі кестеде берілген:
Қазақстандықтарды 2026 жылы қажылық сапарға отандық "Air Astana" мен "Scat", саудиялық "Flyadeal" және кувейттік "Jazeera" әуе компаниялары тасымалдайды.
Оқи отырыңыз:
Қажылық жолдамасын сыйға беру қаншалықты дұрыс және бұл ретте нені ескеру керек
Қажылық – 2026: Сауд Арабиясы Қазақстанға 4 мың орын бөлді
- Tags:
- хадж
- ислам
- Мекка
- Саудовская Аравия
